Меню KDT
 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ БИДАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат

Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселесінің өзектілігі мемлекеттік қызметтер адам өмірінің барлық саласын және бүкіл кезеңін қамтитындығымен түсіндіріледі. Жыл сайын мемлекеттік қызметтер сұранысқа ие бола түсуде. Бұл салаға қызығушылықтың артуы оны заңнамалық деңгейде реттеу қажеттілігіне алып келді.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін жүгіну рәсімін оңайлату мақсатында көптеген мемлекеттік қызметтер бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беру арқылы өтініш беру қарастырылған. www.egov.kz .- бұл функция ЭЦҚ бар барлық интернет пайдаланушыларына қолжетімді.

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округ аумағында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

         2. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.

         3.Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу.

         4. Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату.

        5. Жер учаскесін алуға кезекке қою.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат, қағидалар әкім аппараты ғимаратының стендінде орналастырылған. Қызмет алу процесін жеңілдету және халыққа қызмет көрсету аудан орталығына баруды болдырмау мақсатында, Бидайық ауылының демалыс орталығының ғимаратында "Ашық әкімдік" фронт-офисі ашылды, фронт-офисте Бидайық ауылдық округі әкімі аппаратының 2 маманы өз жұмысын жүзеге асырады, сондай-ақ "Connection Point" өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы ресімделген, оның көмегімен әрбір азамат www.egov.kz. веб-портал арқылы электрондық қызметтерді өз бетінше ала алады. 2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-185, оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 175 қызмет алынды .

Тізілімге сәйкес ауыл әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтерден басқа, тұрғындар өз бетінше өтінім бере алады, анықтамалар ала алады. Мысалы:

"Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама"," Наркологиялық ұйымнан анықтама"," Психоневрологиялық ұйымнан анықтама " және басқалар. Ол үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі — ЭЦҚ) болуы қажет, оның көмегімен көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне қолжетімділік ашылады, онда оның барлық деректері, бұрын көрсетілген қызметтер бойынша тарихы және басқалары қамтылады. ЭЦҚ сақтауды таңдау көрсетілетін қызметті алушының өзінің қалауына байланысты. Бұл жеке куәлік, флэш-диск, SIM-картадағы ЭЦҚ және т.б. болуы мүмкін, порталды пайдалану бойынша қиындықтар туындаған немесе сұрақтар туындаған жағдайда ауылдық округ аппаратының бекітілген қызметкері консультациялық көмек көрсетеді. Электрондық үкімет www.egov.kz веб-порталы арқылы қызмет алудың артықшылықтары мыналар болып табылады: уәкілетті органдар бойынша құжаттарды жинау, кезекте күту қажеттілігінің болмауы, кез келген уақытта өтініш беру мүмкіндігі.

Барлық мемлекеттік қызметтер уақытылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығына қатаң бақылау жүргізіледі, мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін бұзуға жол бермеу бойынша шаралар қабылданады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер жөніндегі ақпараттық брошюралар

 

 

Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Бидайық ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары тұрғындарға үйден шықпай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы алуға болатын мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық кітапшалар таратты. Кітапшалар 105 дана көлемінде таратылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша семинар

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жергілікті атқарушы органдар жұмысының бағыттарының бірі болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер бойынша семинарлар өткізіледі.

2021 жылғы 13 мамырда "СҚО Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-нің бас маманы Л.О. Имагамбетова әкім аппаратының, демалыс орталығының қызметкерлері арасында семинар-кеңес өткізді. Семинар барысында электрондық қызметтердің артықшылықтары туралы айтты. Семинар соңында қатысушыларға "Қызметті оңай және тез ал"атты брошюралар таратылды.

"ЭЦҚ қашықтықтан алу" атты ролигі

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты " ЭЦҚ қашықтықтан алу" атты ролигін тұрғындардың назарына ұсынады

ММ «Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округi әкiмi аппаратының» 2016 жылдың мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат

«Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк органы болып саналады, жергiлiктi басқару және өзiн-өзi басқару Бидайық ауылдық округiнде жергiлiктi мемлекеттiк басқару және саласындағы қызметтi жүзеге асырады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi 151205 индексы, Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылы М. Жапаров көшесi, 34.

Жұмыс уақыты: қойылған жұмыс кестеге байланысты 9.00-ден 18.30-дейiн түскi уақытпен 13.00-ден 14.30-дейiн мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы» Заңының 11 бабына сәйкес «Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi Бидайық ауылдық округiнiң тұрғындарына мемлекеттiк қызмет көрсетедi.

Құрылған жұмыс кестесiне байланысты, мерекелiк және демалыс күндердi қоспағанда, мемлекеттiк қызмет күнделiктi көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет Бидайық ауылдық округi әкiмiнiң ғимаратында көрсетiледi, ол жерде Мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiмiнiң ақпараттық материалдары бар және клиенттерге қызмет көрсету үшiн қол жетiмдi жағдай қарастырылған. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңiнiң толық және сенiмдi ақпараты стендте орналасқан. Бұл қызмет көрсету саласында және аппарат әкiмiнiң қызмет көрсету жұмысының мемлекеттiк саясатын iске асыруды қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуiн қамтамасыз етуiне жауапты маман бекiтiлiп, iшкi айлық бақылау және тiркеу журналы жүргiзiледi.

2016 жылы 205 қызмет көрсетiлдi: 198 қызмет — жеке шаруашылығы бойынша анықтама берiлдi, 7 қызмет — жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешiм берiлдi. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету түрi автоматты түрде емес.

2016 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен емес.