Меню KDT
 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ БИДАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2023 жылдың 5 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы ақпарат   

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүгіну тәртібін жеңілдету мақсатында көптеген мемлекеттік қызметтерге өтініштер www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық өтініш беру арқылы беріледі. Бұл функция электрондық цифрлық қолтаңбасы бар барлық Интернет пайдаланушыларына қолжетімді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының осы аумақта ауылдық округінің жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес ол 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

Қызметтерді алу процесін жеңілдету және халыққа қызмет көрсету орталығына баруды болдырмау мақсатында Бидайық ауылы Демалыс орталығының ғимаратында «Ашық әкімдік» фронт-офисі жұмыс істейді. Фронт-офисте округ әкімдігінің 2 маманы жұмыс істейді. Сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар, ол арқылы әрбір азамат электронды қызметтерді өз бетінше www.egov.kz веб-порталы арқылы ала алады. 2023 жылдың 5 айында  көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 87, оның ішінде 85 қызмет өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы алынған. 

Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ғимаратында көрнекі ақпаратпен, атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары, өтініштер үлгілері, шағымдар мен ұсыныстар журналы, ЭЦҚ-сы бар жеке куәліктерге арналған карта оқу құралы орнатылды, бұл азаматтардың www.egov.kz веб-порталының қызметтерін пайдалануына мүмкіндік береді.

Тізілім бойынша ауылдық әкімдік көрсететін мемлекеттік қызметтермен қатар тұрғындар өз бетінше өтініш беріп, анықтама ала алады. Мысалы: «Соттылығының бар-жоғы туралы анықтама», «Наркологиялық ұйымнан анықтама», «Зейнетақы жарналары туралы анықтама» және т.б. Ол үшін сізде көрсетілетін қызметті алушының барлық деректері, бұрын көрсетілген қызметтердің тарихы және т.б. қамтылған жеке кабинетіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болуы қажет. ЭЦҚ сақтау орнын таңдау көрсетілетін қызметті алушының тілектеріне байланысты. Бұл жеке куәлік, флэш-диск, SIM картадағы ЭЦҚ және т.б. болуы мүмкін. Порталды пайдалануға қатысты қиындықтар немесе сұрақтар туындаған жағдайда ауылдық округ аппаратының бекітілген қызметкері консультациялық көмек көрсетеді. www.egov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы қызмет алудың артықшылықтары: уәкілетті органдардан құжаттарды жинаудың қажеті жоқ, кезекте тұрудың қажеті жоқ, кез келген уақытта өтініш беру мүмкіндігі болады.

 Округте мемлекеттік қызмет көрсету бойынша халықты ақпараттандыру бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіледі: тікелей эфир, бейне нұсқаулықтар, түсіндіру сұхбаттары және осы тақырып бойынша брошюралар беру арқылы семинарлар өткізіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат ауылдық округ әкімі аппаратының ресми сайтында https://bidaik-ua-sko.agartu.kz орналастырылған.

2023 жылдың 5 айында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру,  сондай-ақ  өзіне-өзі  қызмет  көрсету  аймақтарында  оқыту  бойынша  12  түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Мемлекеттік қызметтерді алу туралы барлық қызықтырған сұрақтарға жауаптарды мына телефондар арқылы ала аласыз: 8(71542)2-61-34 "СҚО Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ, Бидайық ауылы, М.Жапаров көшесі, 34.

Барлық мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен мерзіміне қатаң бақылау жүргізілуде, мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының бұзылуына жол бермеу шаралары қабылдануда. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар мен арыздар келіп түскен жоқ.

 

 

                                       Бидайық ауылдық округінің әкімі         Т.Күйшібаева

                   

 

2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылау

Қазiргi уақытта сыбайлас жемқорлық фактiлерiнiң көптiгi қоғамның қай саласында болмасын, әрбiр саналы азаматты бей-жай қалдырмайды. Қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қатер санатына қойып, мемлекет пен қоғамды осы келеңсiз құбылыспен күресте күш бiрiктiруге бағыттайды.

2022 жылдың 20 сәуiрiнде мемлекет басшысының тапсырмаларын iске асыру шеңберiнде әзiрленген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын талқылау бойынша «Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ-нiң мамандарымен дөңгелек үстел өткiзiлдi. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бiрқатар ұсыныстарын айтып, құжаттың мазмұнын да талқылады.

Еске салайық, жетi бөлiмнен тұратын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында iзгi қоғам құру, сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептердi барынша азайту, сыбайлас жемқорлық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға азаматтық қоғамды тарту; сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мониторингi, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтiң қызметiн жетiлдiру мәселелерi көрсетiлген.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл — әрбiр азаматтың мiндетi

Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" Заңы Сыбайлас жемқорлыққа келесi анықтама бередi — бұл …мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы". Қарапайым тiлмен айтқанда, сыбайлас жемқорлық — бұл қызмет жағдайын жеке мақсатта пайдалану.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және азаматтардың жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне сенiм деңгейiн арттыру мақсатында "Бидайық ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" КММ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстелдер өткiзiлiп, "ҚР Мемлекеттiк қызметi туралы" Заңы, "ҚР Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi"," Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" ҚР Заңы, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" нормативтiк актiлер түсiндiрiлдi. Бидайық ауылдық округi әкiмдiгiнiң ғимаратында "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы", "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" жәшiктер, стендiлер орнатылған. Округ әкiмi аппаратының жеке мәселелер бойынша жұмыс регламентi округ әкiмiнiң азаматтарды қабылдау сағаттары мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде маңдайшада көрсетiлген. Мекемеде сыбайлас жемқорлық фактiлерiн тiркеу журналы және "Бидайық ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң Әдеп кодексiн бұзу фактiлерiн және сенiм телефоны бойынша сыбайлас жемқорлық фактiлерiн тiркеу журналдары бар. 2020 жылдың 11 айында тұрғындардан Әдеп кодексiн бұзғаны және сыбайлас жемқорлық фактiсi үшiн сенiм телефоны бойынша қоңыраулар түскен жоқ. "Бидайық ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы мәселелер бойынша бекiтiлген жоспар мүлтiксiз орындалуда. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi уақытылы ЕУОЛ ААЖ бағдарламасында тiркеледi. Азаматтардың өтiнiштерi уақытылы қаралады. Мемлекеттiк қызмет бекiтiлген ережелерге сәйкес көрсетiледi. Нормативтiк актiлер екi тiлде қабылданады, елтаңбалық бланкiлерде шығарылады. Мемлекеттiк қызметшiлер мен олардың жұбайларының кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияларды уақтылы ұсынуына бақылау жүргiзiледi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және халықтың барлық сегменттерiнде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында өз қатарларында жергiлiктi газеттерде мақалалар жарияланады. "Бидайық ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мекемесiне бағалау бағдарламалары, мiндеттемелер мен төлемдер үшiн бюджеттiк қаржыландырудың стандарттарына, техникалық шарттарына және жеке жоспарына сәйкес материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға мүмкiндiк берiледi.

"Бидайық ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мекемесiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi Әрбiр бюджеттiк бағдарламаның объективтi сипаттамалары негiзiнде жиналған бюджеттiк бағдарламалардың дұрыс және толық ақпаратын ескере отырып, келесi жоспарлы кезеңге қолжетiмдi болып ұсынылады. Бухгалтерлiк есеп маманы жыл сайын бюджет заңнамасын, бюджет заңнамасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi зерделеу жөнiндегi семинарларға қатысады.

Бидайық ауылдық округiнiң әкiмi
Т.О. Күйшiбаева

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк құбылыс ретiнде қазiргi уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнiң барлық дерлiк елдерiнде, оның iшiнде Қазақстанда да өмiр сүруiн жалғастыруда, тек ауқымында ғана ерекшеленедi. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесiн тежейдi. Демократиялық мемлекеттiң саяси және қоғамдық институттарына терiс әсер етедi, елдiң болашақ дамуына елеулi қатер төндiредi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi басымдықтарының бiрi ретiнде айқындалған.

2020 жылдың 12 қазанда Бидайық ауылының демалыс орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша тұрғындар мен ауылдық округ әкiмi аппаратының кездесуi өттi. Кездесу барысында денсаулық сақтау, бiлiм беру және құқық қорғау органдары сияқты әлеуметтiк жұмыс мәселелерi, сондай-ақ парақорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары талқыланды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерiстер туралы айтылды, сондай-ақ округ әкiмi Күйшбаева Торғын Олжабайқызы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн жасауға ықпал ететiн жағдайларды жою қажеттiлiгi туралы айтты.

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес — ортақ парыз!

Жемқорлықпен күрес бүгінде мемлекеттік түйткілді мәселеге айналып отыр. «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық — жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біз түпкі мақсатымыз — жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек», — деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, адалдық ардың ісі екендігін көрсете отырып, қоғамдық кеселге қоғам болып күш біріктіріп, қызмет жасаймыз.

2019 жылдың 12 қыркүйек күні «Қызылжар — адалдық алаңы» жобасы аясында Бидайық ауылдық округінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес — ортақ парыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға округ әкімінің аппараты, ауыл тұрғындары қатысты. Дөңгелек үстел барысында денсаулық сақтау, білім беру сияқты әлеуметтік және құқық қорғау органдарының жұмысы, сондай-ақ парақорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары талқыланды.